Өңірдің мәдени өмірінде дәстүрге айналған «Өнер додасы – 2025» байқауының кезекті кезеңі өтті. Шара қалалар мен аудандардан келген орындаушылар арасында жарыс ретінде ұйымдастырылды. Дода барысында үздік шығармашылық топтар анықталады. Бүгін Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданынан келген ұжымдар өз өнерін көрсетті.

Ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған жобаға облыс әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы сондай-ақ «Шаңырақ» орталығы бастамасымен іске асып отыр. Өткен додада Ақтоғай мен Баянауыл аудандарының өнерпаздары жекпе жекке түскен еді. Жеңімпаз атанған Ақтоғай ауданының ұжымы Екібастұздан келген дарындарымен кездесті.

Толқын Исенова, Ақтоғай ауданы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

Бірінші кезеңде біз Баянауыл ауданымен додаға түстік. Жеңіп шықтық. Қазіқ екінші кезеңге шықтық. Екібастұз қаласымен додаға түсетін боламыз. Қарсыластарымызға сәттілік, ал өзімізге тек жеңіс. Ақтоғай ауданының намысын біз жерге тастамаймыз.

Орындаушылар жеті бағытта шығармашылығын паш етті. Айтыста сөз сайыстырып, көне аспапта күй шертіп, дәстүрлі ән орындап, мың бұрала би билеп, ансамбльде ұлттық аспаптарда өнер көрсетті. Екібастұздан келген «Атамұра» ансамблі өнері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Ербол Ахаев, «Атамұра» ансамбльінің мүшесі

Бүгінгі дайындап келген 7 жанрға дайынбыз. Ерекше аспап. «Атамұра» ансамбльінде «Самалтау» әнін орындаймыз. Терме жанры бар және де күй дәстүрлі ән, би өнерінен.

Әділқазы алқасының шешімімен жекпе жекте Екібастұз қаласының өнер ұжымы жартылай финалға өтті. Енді Екібастұз, Павлодар және Успен аудандары 25 қараша күні кездеседі. Онда жеңімпаз атанған аудан 5 желтоқсан күні мәре сайысында бақтарын сынайды.

Әйгерім Тоқпанқызы