Ауылдық елдімекендердегі денсаулық сақтау саласын жақсарту – мемлекеттің алдыға қойып отырған мақсаттарының бірі. Ауыл медицинасына дәстүрлі тәсілерді жетілдірумен қатар, иннновацияны енгізу- осы саладағы сапаны көтерудің төте жолы. Бұл тұрғыда Павлодар аудандық ауруханасының қандай жетістіктері бар? Алдағы материалымызда.

Павлодар аудандық емханасы базасында жас мамандарды қолдауға, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған бірегей алаң жұмыс істеп тұр. Ол-тәлімгерлік және құзыреттерді дамыту орталығы.

Любовь Никитенко, отбасы денсаулығы орталығы бөлімшесінің басшысы

«Қазір бізде барлық қызметтер толық қамтылған, пациенттер барлық қызметтермен қамтамасыз етілген, дер кезінде медициналық көмек алады. Науқастардың мәселесі осы жерде және қазір принципі бойынша шешіледі.» «Елді мекендердің, дәрігерлік амбулаториялардың алыстығына қарамастан пациенттер тар бейінді маманмен байланыста бола алады.»

Биыл Павлодар ауданының емханасында жас сәбилерге арналған ерте араласу орталығы ашылды. Әйелдерге кеңес беру орталығы да жұмысын бастады. Заманауи жабдықтар мен жоғары білікті мамандар әйелдер мен балалардың денсаулығына уақтылы диагностика жасап, кеңес береді, қолдау көрсетеді. Бұл жобалардың іске асырылуы ауданның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін едәуір нығайтып, халық үшін сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырды.

Светлана Серебрякова, даму және ерте араласу орталығының меңгерушісі

 «Біздің емханаға қажетті жабдықтар, заманауи аппараттар сатып алынды.» «Психо-физикалық скрининг жүргіземіз. Анықталған бұзылыстар бойынша жұмыс істейміз. Жуырда балаларға арналған логопед кабинетін аштық.

Павлодар ауданының емханасы базасында әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс істейді. Оның міндеті халыққа жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Қызмет құрамында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсететін білікті психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер бар.

Валентина Шамсутдинова, әлеуметтік-психологиялық қызметтің координаторы

«Бізге тұрғындар мүгедектікті рәсімдеуге көмек көрсету, емхана бойынша пациентті сүйемелдеу мәселелерімен жүгінеді.. Сондай-ақ психологиялық көмек көрсетеміз. Паценттер үшін бұл өте маңызды.

Ауылдық медицинаны дамыту Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесінің алдыға қойып отырған айрықша мақсаттарының бір. Ауылдық амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттердің медициналық қызметкерлері алыс ауылдардың тұрғындарына қолжетімді әрі уақтылы көмек көрсетіп келеді. Ауыл халқының денсаулығын сақтауға және олардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосуда.