Павлодар қаласының №46 Балабақша бүлдіршіндеріне төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді. Құтқарушылар алғашқы оқыс оқиғалар кезінде өзін қалай ұстау керектігін эстафета ойыны арқылы таныстырды. Тілші әңгімесінде.

Балалардан құралған шағын топтар орталық алаңшаға жиналып, тәрбиешілер мен мамандардың нұсқаулығын назар сала тыңдады. Құтқару каскалар, өрт сөндіру құралдарының үлгілері және жаттығуға арналған арнайы жолақтар көрсетілді.

Диана Ғарифуллина, №46 сәбилер балабақшасының басшысы

Бүгінгі бастағалы отырған іс-шарамыз жылдық жоспарға сәйкес жарты жылдық сайын балалардың қауіпсіздігі үшін ұймдастырылып отырады. Төтенше жағдайлар департаментімен бірге өрт қауіпсіздігі жайында өткізіледі.

Осындай сабақтар қаламыздың барлық балабақшаларында өтуде. Өкінішке қарай, өңірде биыл балалардың қатысумен 7 өрт фактісі тіркелген. Сондықтан мамандар балалар қауіпсіздік туралы ерте жастан біліп өссе, бұндай оқыс оқиғалар болмаушы еді деп айтады.

Арман Арын, Павлодар қаласы ТЖБ бас маманы

Бүгін біз осы балабақшада балаларға арнайы эстафета өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз өрт кезінде балалар өздерін қалай ұстау керектігін ойын түрінде үйретіп жатырмыз. Өздерін сенімді ұстапды үйретіп жатырмыз.

Мамандар балаларға түтін арасынан еңбектеп шығу, қауіпсіз жерге жету, үлкендерге хабар беру, эвакуация кезіндегі тәртіп секілді негізгі дағдыларды іс жүзінде көрсетті. Балалар да өз кезегінде тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады. Олар қазірден бастап өрттің не екенін және оның қаншалықты адам өміріне қауіпті екенін біледі. Әрқайсысы өз бетінше жаттығу жасап, мамандардың сұрақтарына жауап берді.

Раханнұр Бахатхан, №46 сәбилер балабақшасының тәрбиеленушісі

Өрт бірнәрсенің күйіп жануы. Өртті сөндіреді. Сіріңке мен тоқпен ойнамау керек.

Айлана Кабаева, №46 сәбилер балабақшасының

тәрбиеленушісі

Үлкендерге ата-аналарға айту керек. Еңбекеп жүру керек, өрт болған жағдайда 101.

Лейла Кенжекалиева, №46 сәбилер балабақшасының тәрбиеленушісі

Өртпен түтін айнала, қарап тұрмын жай ғана. Тез-тез хабар бер,101-ге уақытты сен байлама.

Сабақ соңында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бүлдіршіндерге естелік ретінде шағын жадынамалар таратты. Тәрбиешілер мұндай сабақтар балалардың тек білімін ғана емес, жауапкершілігін арттыратынын айтады.

Дильназ Қуанышбекқызы