Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ведмоствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Онда ауыл шаруашылығы басқармасы мен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету барысы талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент бірқатар олқылықтар бойынша баяндама жасады.
Алдымен ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары сөз алды. Ол саланы цифрландыру үдерісі қарқынды деді. Бірқатар қызметтер электронды форматта жүргізілетіндігі жеткізді. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, жемқорлық тәуекелін азайтатындығын айтты. Жалпы жыл басынан шаруаларға 6597 қызмет көрсетіліпті. Осылайша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің толық сенімен иеміз деген ол бірқатар мәселерді де өз аузымен айтты.
Әлібек Кәленов, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Көктемгі дала жұмыстары мен орақ науқаны кезінде субсидияға өтініш көбейетіндіктен мамандарға жүктеме өте көп түседі. Екінші мәселе субсидия алуға өтінім келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күніне тең уақыт қана берілетіндіктен мамандар оған үлегере алмайды.
Ал, білім беру сапасын қамтамасыз ету депаратменті бір ғана мекептке лицензия беріпті. Ол Павлодар ауданындағы Бірлік орта мектебі, ал, тағы бір өтінімге лицензия беруден бас тартқан. Бұдан бөлек лицензияларға қосымша беру бойынша 35 ден астам қызмет көрсеткен. 35 өтінімнің талапқа сай келетін 26 мекеменің ғана лицензиясына қосымша беріліпті. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы спикерлергеге мекеменің сайтындағы ақпараттарды жиі жаңартып, қызмет алушыларға қол жетімді ету керектігін айтты. Артынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің өз өкілі баяндама жасап, саладағы олқылықтарды жіпке тізді.
Расул Ахметжан, Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің бас маманы
Жыл басынан бері 123 қызмет алушылының құқығы қалпына келтірілді. 39 азаматтың шағымы негізінде 15 адамның өтініші 100 пайыз орындалды. Тексеру барысында мемлекеттік мекемелердің өз міндетін уақыты атқармайтыны, негізсіз бас тартулардың болатындығы көптеп анықталды. Шағымдардың көбі жер қатынастары, қала құрылыс және сәулет бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, тұрғынүй коммуналдық шаруашығы бөлімі, архив ісі сияқты салаларға тиесілі. Қалалар бойынша Павлодар және Ақсу, аудандар бойынша Баянауылда шағымдар көп.
Сонымен қатар тұрғындар «азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалының қызметіне де көп шағымданады екен. Жалпы 5447 бұзушылықтың 15 пайызы осы корпарацияға тиесілі.