Естай мәдениет сарайында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні аталып өтті. Онда облыс әкімі бірқатар шаруаларды мемлекеттік наградамен марапттады. Ел дамуы жолындағы тынымсыз еңбектері үшін алғыс білдірді.

Павлодар облысының шаруалары күллі Қазақстандықтардың дастарханының азық-түлікпен қамтылуына үлес қосуда. Ертіс бойы малға да, дәнге де бай. Еліміздегі сәбіз бен картоптың әр үшінші килограммы Павлодар облысында өсіріледі. Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жарты триллион теңгеден астыпты. Осылайша Павлодар обылсы ауыл шаруашылығы көлемі бойынша елімізде үздік бестіккке енді. Бұған қоса, осы салаға тартылған инвестици көлемі 225 млрд теңгеге жеткен.

Осылай деп құттықтаған облыс әкімі Асайын Байханов бірқатар шаруаларды мемлекеттік наградалмен марапаттады. Олардың қатарында «Жаңақала» ШҚ ЖШС диреткоры Қайрат Тұрлыбаев «Парасат» орденін иеленді. «Жаңақала» серіктестігі мың басқа жуық сиыр сауып, күніне он тонна сүт өткізеді.

Сондай-ақ, бірқатар қожалық басшысы және сала мамандары «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медальімен, Үкіметтің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен мараптталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.