«Ата мен әже - қазақи тәрбиенің бастау бұлағы». Дәл осындай атаумен Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тәрбие сағаты өтті. Ерекше мазмұндағы шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Ұлттық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Тәрбие сағатына «Кәусар бұлақ» ата-әжелер клубының мүшелері қатысты. Олар жас буынға ұлттық салт-дәстүрді таныстырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің үлгісін айтты. Ұлттық тағамдар, қолөнер, отбасы құндылықтары туралы мағлұматтар берді. Шараны мектеп парламенті ұйымдастырып, мазмұнды бағдарламамен толықтырды.

Аяулы Шарапиденова, 9-сынып оқушысы, мектеп президенті

Біз кіші сыныптарға арнап, ата-әжелермен бірге отырып, мектеп парламентімен балаларға жалпы тәрбие туралы, ата-әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелері туралы айтады. Кіші сыныптарға осындай сынып сағатын ұйымдастырып жатырмыз. Бұл жерде олар өздерінің ұсыныстарымен бөлісетін болады. Ұзақтан бері осы шараны жоспарлап келдік. Бұл шараны балалар да көптен күткен. Осы шара негізі жастардың ұлттық тәрбиесіне қатты әсер етеді деп ойлаймын.

«Кәусар бұлақ» - мектеп қабырғасында белсенді жұмыс істейтін ұйым. Құрамында 6 ата мен 8 әже бар. Олар жасөспірімдерге рухани тәрбие береді. Халық ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар мен отбасылық құндылықтарды насихаттауда зор еңбек сіңіріп келеді.

Бәйкен Ильяшев, «Кәусар бұлақ» ата-әжелер клубының мүшесі

Қазақ поэзиясының патшасы ұлы Абай атамыз айтқан «Ата-ананы сыйламау-опасыздық» деп. Сондықтан 9 ай, 9 күн көтеріп, өмірге әкеліп, аяғына тік тұрғызған ата-аналар мен ата-әжелерді құрметтеумен әрине бұл тәрбиесіздіктің белгісі. Сондықтан біздің ұжымның істеп жатқан жұмысымыз ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді жандандыру жұмысында өз үлесімізді қосамыз. Негізі осы ұжымда алғашында екі ұжым болып құрылғанбыз. Аталар мектебі және әжелер мектебі деп. Қазір енді қосылып, «Кәусар бұлақ» мектебіне айналдық.

Шараның мақсаты жас толқынға ата-баба өнегесін дәріптеу. Оқушылар ата-әжелердің естеліктерін тыңдап, ұлттық тәрбиенің мән-маңызы туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ, сұрақ-жауап арқылы өздеріне пайдалы өмірлік кеңестер жинады.

Әйгерім Шақманова, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2025-2026 жылғы оқу жылынан бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Адал азамат» бағдарламасы жасалды. Сол бағдарлама негізінде осындай ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында бұл бұрыннан келе жатқан дәстүр ретінде саналады.

Тәрбиелік кездесуде оқушылар ата-әжелермен еркін әңгімелесіп, ұлттық тәрбие жайлы тың мәлімет алды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сабина Жолдаспаева