Марғұлан Университетінде мектеп ұстаздары мен оқушылар бас қосты. Нақтырақ айтқанда Марғұлан университеті тарапынан ашылған педагогикалық сынып - жұмыс істеп тұрған мектеп өкілдері мен сол сыныптың оқушылары, яғни, болашақ педагогикалық мамандық семинарға жиналды. Шара аясында орта білім беру жүйесіндегі бүгінгі жаңашылдықтар мен ұрпақтар сабақтастығы мәселері талқыланды.

Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университет орта мектептерде арнайы пеадогикалық сыныптарды ашуды бірнеше жыл бұрын бастаған. Ол сыныптардың түлегі мектепті тәмамдап бірініш курстың студенті атанып та үлгерді.

Жиынға Павлодар қаласы, сондай-ақ, Железин, Баянауыл аудандарындағы пеадогикалық сынып жұмыс істеп тұрған мектептің өкілдері мен оқушылары келді. Айтуларынша, ұстаздық бағытқа ерте жастан баулитын осындай сыныптардың ашылуы мектеп үшін, ұстаздық жолға түскілері келетін оқушылар үшін аса жағымды болған. Әсіресе, ауыл мектептері үшін.

Самал Мәжитова, м. Әуезов атындағы жобб мектебінің басшысы

Біз ауыл мектебіміз. Ауыл мектептерінде педагогикалық кадр тапшылығы әлі де сезіледі. Сондықтан, педагогикалық университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен келісе отырып осы жобаны қолға алған болатынбыз. Біріншіден, ауыл мектепріндегі педагогикалық кадр мәселесін шесек дегенбіз. Екіншіден, ауылдан шыққан балалардың мамандық иесі болып, қстаз болып өз туған ауылына мектептеріне қызмет ету.

Осындай педагогикалық сыныптар облыс бойынша 10 нан астам мектепте ашылған. 400 ге жуық баланы қамтып, олардың болашақта дайын ұстаз болуына қызмет етуде. Бұл тұрғыда университет білім беру және тәрбие бағытында іргелі жобаларды іске асыруда.

Ержан Әмірбекұлы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университенінің ректоры

Біздің университетіміз тек қана білім беретун ғана ошақ емес. Үлкен зерттеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Қазіргі уақытта ұрпақтардың ауысуы байқалып жатыр. Мәселен, қазіргі студенттер Z поколение. Олармен қалай жұмыс жасау керек? Мінез-құлықтарында қандай өзгерістер бар? Құндылықтары қандай деген сұрақтарды зерттеп жатырмыз? Сол құндылыөтарды аша отырып, әдеби, мәденеи, тәрбие, психология тұрғысынан үлкен жобаларды ашуға үлкен мүмкіндік болады деп ойлаймыз.

Педогикалық сыныптар - осынау игі мақсттағы жобалардың бірі. Жиынға қатысушылар басты мұратымыз – ел ертеңін айқындар саналы ұрпақты тәрбиелеу екендігін айтады.