Өңір әлеуеті дамып келеді. Инвестиция салынып, қаржы құйылды. Ауыл шаруашылығы серпін көрсетті. Облыс әкімдігінде өткен жиында 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттің орындалуы қаралды. Тілші әңгімесінде.
10 айда облыстың даму қарқыны жақсы. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1%-ға жетіп, жалпы өсім тұрақты арнаға түскенін байқатады. Өнеркәсіп саласы да өңірдің негізгі тірегіне айналып келеді. Кәсіпорындардағы өндіріс көлемі 3,1 триллион теңгеге жетіп, аймақтың индустриялық әлеуетінің күшейтті. Инвестиция көлемі артты. Негізгі капиталға құйылған қаржы бір жылда 50 пайыздан артып, 1 триллион теңгенің төңірегіне жуықтады.
Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Тек өнеркәсіп саласында аздаған төмендеу тіркелген – көрсеткіш 0,2 пайыздық тармаққа қысқарды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрады. Аталған кезеңде 3 трлн 100 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Өңдеу секторында 0,2 пайыз, ал тау-кен өндіру саласында 0,9 пайыз төмендеу байқалады. Сонымен бірге өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 50 пайызға өсті. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 7,4 пайызға өсті. Өндірілген өнімнің құны 427 млрд теңгені құрады. Негізгі өсім өсімдік шаруашылығынан байқалып отыр — бұл бағытта өсім 11,4 пайыз болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 357 млрд теңгені құрап, 305 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Облыс бюджеті биыл серпін алды. Бюджет кірісі жоспардан жоғары орындалып, былтырмен салыстырғанда айтарлықтай өсім тіркелді.
Жеңіс Шақатов, Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы
Қаржылық жағдай бойынша облыс бюджетінің кірісі 44,3 млрд жоспарланып, кірістер бойынша жоспар 8,4 млрд теңге асыра орындалды. Жылдық көлемде түскен тіүсімдер 81,8 пайыз құралды. Негізінен асыра орындау жеке табыстылығы бойынша 2,4 млрд теңге әлеуметтік сала 1,3 млрд теңге. корпоративтік табыс кірістер бойынша барлығы асыра атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда 51,5 млрд теңге құрады. Немесе 117,2 пайыз.
Тұрғын үй құрылысы өсіп жатқанымен, кейбір аудандарда қарқын күткендей емес. Жыл қорытындысына жақындаған сайын бірнеше аудан көш соңында қалып отыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Тұрғын үй берудің қарқыны неге төмен болып тұр?
Асқар Әжмұрат, Павлодар облысы құрылыс басқармасының басшысы
Бізде нәтеже оң болып тұр он айдың ішінде. Бірақ мына 3 ауданда бізде снижение көрініп тұр.
Жиын соңында облыс әкімі барлық жоспар мен көрсеткішті мұқият қадағалауды тапсырды.
Әйгерім Тоқпанқызы