Павлодарда кезекті рет хакатон өтті. Онда қатысушыларға аудио, видео және сурет форматындағы файлдарды мәтінге айналдырып қана қоймай, ол мәтінді бірнеше тілге еркін аударатын жасанды интеллект модулін жасау тапсырылды. Қандай қызықты жобалар келіп түскендігін тілшіміз баяндасын.
Хакатон – өз өмірлерін айти саласына арнамақ жастардың бас қосатын шарасы. Бұл жолы да 24 сағаттың ішінде орындаған жұмыстарын әкеліп, қазылар алқасына ұсынып отыр. Қатысушылардың барлығы тапсырмаға сәйкес жұмыстарнын әкелді. Кімдікі үздік, кімдікі талапқа сай екендігін төрешілер анықтайды.
Қазір жасанды интеллектінің кең қолданыстағы дәуірі. Жасанды интеллект тек сауаттылықты қажет етпейді. Ол арқылы өз идеяңды жүзеге асырып, шығармашылық тұрғыда қолдана білу маңызды. Осы арқылы оны қоғамға пайдалы етуге болады. Бұл жолғы хакатонның да басты мақсаты осы екендігін айтады ұйымдастырушылар.
Нұргүл Жұмадиева, «Paviodar hub» жетекшісі
Жиырма команда қатысып жатыр. Команда құрамында 4 адамға дейін бар. Олар өз жұмыстарын қазылар алқасына ұсынуда. Әрине, қызықты жұмыстар бар. Оны төрешілердің берген бағасынан байқауға болады. Тапсырманың күрделілігі жоғары деңгейде.
Сайыстың жүлде қоры 200 мың теңге. Жүлдегер атанған үш командаға бөліп берілді. Бірінші орын алған команда 100 мың, екінші орын алған команда 60 мың, ал, үшінші орын алған команда 40 мың теңгені иеленді.