Өңір басшысы Асайын Байханов облыс орталығында және облыс орталығымен іргелес Павлодарское ауылында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалармен танысты. Алдымен Павлодар қаласында салынып жатқан аквопарк құрылысын аралады.

   Облыс әкімі барған алғашқы нысан – «HAGI-Павлодар» ЖШС-і салып жатқан аквапарк. 1,7 гектар аумақта жүріп жатқан құрылыстың құны – 10 млрд теңге. Сағатына 400 адам қабылдайтын қуаттылығы болады деп жоспарлануда. Қазір су аттракциондары орнатылып жатыр, алда ішкі әрлеу жұмыстары кезек күтіп тұр. Құрылыс келесі жылдың ортасында аяқталады деп көзделген.

   Одан кейін Асайын Байханов Павлодарское ауылындағы «АКВА ФЕРМА ПВ» шаруа қожалығына барды. Мұнда 2023 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтар өсірілуде. Жобаға 300 млн теңге инвестиция салынған, қуаты – жылына 40 тонна . Екінші желі іске қосылғаннан кейін өндіріс 30–35 % артады.

Облыс әкімі: — мұндай жобалар ауылдық аумақтардың жоғары технологиялық өндірістерді тарта алатын және отандық өнім қалыптастыра алатын мүмкіндігін көрсетеді, — деп атап өтті.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңір басшысы облыстың дамуына инвестиция салып, жұмыс орындарын құрып, сапалы отандық өнім өндіруге үлес қосып жүрген кәсіпкерлермен жұмысты жалғастыруды тапсырды.