Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антимикробтық төзімділікті — әлемдік денсаулық сақтау жүйесіне төнген ең басты қауіптердің бірі деп жариялады. Себебі мұндай төзімді инфекциялар емдеуді қиындатып, аурудың ұзаққа созылуына, қымбат емге жүгінуге және өлім-жітімнің артуына әкеледі. Бұл туралы дәрігерлер не дейді? Келесі бейнематериалда.

Антимикробтық төзімділік — қазіргі медицина үшін үлкен сын.

Бактерия, вирус, саңырауқұлақ және паразит секілді микроорганизмдердің дәрі-дәрмекке бейімделіп, оларға қарсы тұра бастауы әлемде кең таралып келеді.Бұрын антибиотикпен оңай емделетін аурулар қазір емге көнбей, асқынуға себеп болуда.

Яна Шкретова, «Viamedis Pavlodar» ЖШС-нің жалпы тәжірибе дәрігері

Жыл сайын осындай жағдай жиі байқалады. Себебі көптеген пациенттер антибиотиктерді дәрігердің бақылауынсыз, тағайындаусыз өз бетінше қабылдайды. Бірі үйінде қалған дәрілердің қалдығын ішсе, енді бірі препараттарды дұрыс режимде қабылдамайды немесе дәрігер белгілеген емдеу курсын мерзімінен бұрын тоқтатып қояды. Мұндай жағдай кейде кездескенімен, көбіне маусымдық кезеңде жиілейді. Әсіресе күзгі-көктемгі мезгілдерде маусымдық аурулар күшейген кезде байқалады.

Мамандардың айтуынша, антимикробтық төзімділіктің негізгі себептері:антибиотикті рецептісіз сатып алу.Ауру себебі анықталмай тұрып антибиотик ішу;тағайындалған емді толық аяқтамау;дозаны өз еркімен өзгерту;вирустық инфекцияларды антибиотикпен емдеуге тырысу.Осындай қателіктер микроорганизмдердің бейімделуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде бұрын тиімді болған дәрілер әсер етпейді.

Дильназ Қуанышбекқызы, журналист

Көптеген мамандардың айтуы бойынша егер жағдай осылай жалғаса берсе 2025 жылға қарай антибиотикке төзімділік көптеген адамның өмірін жалмауы мүмкін.

Дильназ Қуанышбекқызы