Павлодар қаласының балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары робот пошташы жасап жарысты. БҰл балалардың ерте жастан инженерлік және техникалық қабілеттіліктерін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Шапық Шөкин атындағы №9 мектепте робототехникадан қалалық олимпиада өтті. Білім додасы мектептің «Смарт старт» инновациялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат оқушылардың техникалық қабілеттілігін арттыру.

Динара Темірбаева, №9 ЖОББ мектебінің директоры

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық, технологиялық робототехника жарысы бастау алып отыр. Біріншіден осы павлодар облысының өндірістік аймақ болғандықтан болашақта осы мамандықтардың кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу.

Олимпиада «Робот пошташы» тәжірибелік форматында өтті. Онда командалар лего платформаларда роботтар жасап, құрастырды. Олимпиаданың ерекшелігі бұған мектеп жасына дейінгі ұйымдардың оқытушылары да келді. Қазіргі таңда бастауыш мектептің оқу жоспарында робототехника және шығармашылыққа сағаттар жеткіліксіз. Осы ретте №9 мектеп №42 балабақшамен серіктестік орнатып, жұмыс жасап отыр.

Қайсар Болат, қатысушы

Бұл почтольон роботымыз. Біздің почнольон роботымыз бірнеше бөліктерден тұрады. Біздің роботымыздың мақсаты хаттарды жеткізеді. Датчик мында, бұл модуль. Бұл мотор. Бұл доңғалақ.

Жалпы, қалалық олимпиадаға балабақша тәрбиеленушілері мен 1-4 сынып оқушылары қатысты. Үздік жұмыстар алғысхаттармен марапатталды.

Самал Қалиқызы