Бүгін Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 30 шілде күні өз балаларын бесінші қабаттан лақтырып, артынан өзі секірген әйелге қатысты үкім шықты. Қайғылы оқиға Нұрмағамбетов көшесінде болған. Тілші әңгімесінде.
Тергеу ісінде, 34 жастағы әйел 1,5 және 7 жастағы екі баласын бесінші қабаттан лақтырып, кейін өзі секірген. 1 тамызда бір жарым жастағы сәби алған жарақаттардан көз жұмды. Төрт ай қаралған істің үкісмі сотта оқылды.
Жанна Нығыбаева, Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
Жайна Хамитқызы ҚК 99 бабы 3 бөлігімен 24 бабы 3 бөлігі 99 бабы 3 бөлігімен көзделген уақытта қоғамға қауіпті іс әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болғандықтан қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Жайна Хамитқызына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық станционарды мәжбүрлі емдеу тағайындалсын. Жайна Хамитқызын қатысты қауіпсіздік шарасы заңды күшіне енгенге дейін сақталсын.
Анықталғандай әйел бұдан бұрын психиатриялық есепте тұрған екен. Көршілерінің айтуынша, былтыр ол өз пәтерінің терезесінен секірмек болған. Қазір әйел психиатриялық ауруханада ем қабылдап жатыр, жақын күндері Алматыдағы арнайы стационарға ауыстырылады.
Әйгерім Тоқпанқызы