Әр түрлі деңгейдегі Мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес төрағасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті өзін-қзі басқару заң жобасына енгізілетін өзгерістерлі талқылады. Шараға саясаттанушылар да қатысып ұсыныстарын айтты. Пікірілерін білдірді.

Мемлекеттік саясатты жүргізуде жергілікті өзін-өзі басқару тетігі де маңызды мәнге ие. Бұл заң елімізде 2001 жылы қабылданған еді. Содан бері бұл тетік өзінің миссиясын уақытқа сай атқарып келді. Енді заман өзгерді, заң басқа. Сондықтан, мемлекеттік және жергілікті өзін-қзі басқару заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Оған арнайы жұмыс тобы құрылып жұмысын бастап кетті.

Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

Біздің облыс Заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Парламент Мәжілісі тарапынан құрылған жұмыс тобының мүшесі болды. Жұмыс тобын Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров басқарады. Жұмыс тобының 6-қарашасындағы отырысынан аңғарғаным онда мәслихаттың роліне айрықша басымдық берілмек. Мәжілістегі әріптестеріміз де бұл бағытты қолдайды.

Отырыста депуттар мен қоғамдық кеңес өкілдері заң жобасына 56 өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұның бәрі жергілікті өзін-өзі басқару тетігінің халықпен байланысын нығайтуды көздейді.

Динара Айтжанова, Павлодар облысы мәслихатының депутаты

Жаңа жобасы аясында мәслихат депуттарының ұқығы кейеді. Әсіресе бюджетті бақылауға және бекітуге қатысу құқығы артады. Сессия кезіндегі депутаттық суаллдың да салмағы аратындығын айт кеткім келеді.

Дөңгелек үстелге аудандық мәслихат депуттары да, саясаттанушылар мен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент төарағсы да қатысып ойларын ортаға салды.