Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басақрмасының қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 мыңнан астам тұрғын үйге арнайы датчиктер орнатты. Мамандардың айтуынша, көміртек тотығының улану жағдайлары әлі де тіркеліп отырғандықтан, мұндай алдын алу шаралары аса маңызды. Толығырақ келесі сюжетте.

Қызметкерлер орнатып жатқан бұл құрылғы улы иісті ерте анықтайтын датчик. Бұл ауадағы зиянды газдың көтерілген деңгейін автоматты түрде анықтап, тұрғындарға қауіпті жағдай туралы дер кезінде дабыл береді.Көміртек тотығы иіссіз әрі түссіз болғандықтан оны адам сезе алмайды. Ал газ концентрациясы нормадан асып кетсе, датчик бірден дыбыс немесе жарық белгісі арқылы ескерту жасайды.

Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен полиция қызметкерлерімен бірлесіп арнайы рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейдтің басты мақсаты төтенше жағдайдың алдын алу. Бүгінгі күні тәуекел топтағы үйлерге аса көңіл бөліп жатырмыз. Ішімдікті көп қолданатын азаматтар полициямен бірлесіп бізде арнайы тізім бар, осы тізімге байланысты рейд жұмыстарын жүгізіп жатырмыз.

Жылыту маусымы басталғалы бері Павлодар облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері жеке тұрғын секторында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Қауіпсіздік шаралары аясында 5 мыңнан астам үйге датчиктер орнатылды. Мамандар бұл жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.Орнатылған датчиктер — тұрғындардың өмірін қауіпті жағдайлардан сақтайтын тиімді құралдардың бірі. Сондықтан да төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Дильназ Қуанышбекқызы