Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті өз ақпарат құралына жаңашылдық енгізуде. Жасанды интеллектпен газеттің үйлесімі оқырмандарға ерекше әсер сыйлауда екен. Бұл жаңалықпен әріптесіміз таңысып қайтты.
Байтұрсын Жұмабай, тілші
– Бұл жаңа иновация. Енді газет бетіндегі суреттерге де жан біте алады. Үрдісті Павлодарлық сарыарқа самалы газеті бірінші болып бастапты. Ал бұл кімнің идеясы екен анықтап көрейік .
Бар болғаны — смартфоныңыздың камерасын ашып, газеттің бетіне жақындатсаңыз жеткілікті. Сонда жасанды интеллект тақырыпқа сай бейнелерді қозғалысқа келтіреді. Жаңа форматтағы басылым 13 қарашадан бастап оқырманға жол тартты.
Нұрбол Жайықбаев, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы
– Әрине суреттің жандануы әжептеуір қызығушылық тудырып отыр. Оқырмандарымыз хабарласып жазып жатыр. Сондай ақ жарнама берушілерге де қолайлы деп ойлаймыз.
Шығармашылық ұжым енді бейнелерді арнайы өңдеп, оқырманға 3D форматта ұсынуды көздеп отыр. Бұл жаңашылдық газет мазмұнын байытып, оқырманды қызықтыра түспек.
Байтұрсын Жұмабай, тілші
Қазіргі таңда жасанды интеллект қарыштап дамып келеді. Соның бір айқын белгісі — Италиялық басылымның толықтай жасанды интеллект көмегімен жазылған алғашқы газет нөмірін шығаруында. Бұл – медиа саласы үшін үлкен эксперимент әрі жаңа кезеңнің бастамасы.
Байтұрсын Жұмабай