Өңірдегі жастарға көрсетілетін қолдау жыл сайын кеңейіп келеді. Қазір Павлодар облысында 13 жастар ресурстық орталығы жастардың түрлі бағыттағы сұраныстарын қамтып, кешенді қызмет көрсетуде. Орталықтардың басты мақсаты — жастардың әлеуметтік, кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасау.

Биыл 4 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 733 жас қамтылды. Соның ішінде 142 адам тұрақты жұмыс тапты. Аудандарда ұйымдастырылған 25-тен астам жәрмеңкеге 230 жас қатысып, 132-і еңбекке орналасты. Кәсіби бағдарлау бойынша 1 220 жасты қамтыған 25 іс-шара өтіп, NEET санатындағы жастарға ерекше назар аударылуда.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Биылғы жылдан бастап елімізде заң және тәртіп бағыты бойынга 12 бағытта іске асырылып жатыр. Түрлі шаралар аясында, экологиялық бағытында жасыл ел жұмыс жасайды. Жастарға қолдау көрсетуге негізделген.

Биыл облыстық мансап орталықтарына 11 809 жас жүгінген. Соның 5 896-сы, яғни 49,9 пайызы, жұмыспен қамтылды.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Тәуелсіздік ұрпақтары сыйлығы жастар арасында дәрстүрге айналды. 20 номинант 500 теңге ұтып алды. Өздіндік идеяларға жұмсайма, өз еркілерінде. Осы бағытта жұмсалы жастар.

Облыста 28 волонтерлік ұйым және 400-ден астам бастамашыл топ белсенді. 2025 жылы волонтерлік қозғалысқа 50 мыңнан астам тұрғын, жүзден аса кәсіпорын мен 950-ге жуық шағын бизнес өкілі қатысқан.

Нариман Ускенбаев, Павлодар облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығы директорының орынбасары

Қазіргі уақытта бізде 5 орталық жұмыс істейді. Жастарға қызмет көрсету орталығы, креативті жұмыстармен айналысу, волонтерлік, медиа орталығы. Жалпы штат саны – 43 адам, оның ішінде 36 қызметкер бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істесе, екінші топ жастар бастамалары орталығының іс-шараларын тікелей ұйымдастырып, өткізумен айналысады.

Бұған қоса орталық кәсіпкерлік, тұрғын үй бағдарламалары және құқықтық әрі психологиялық қолдау көрсетеді.

Дильназ Қуанышбекқызы