Бүгінгі таңда Павлодар облысында оқушылардың жалпы санынан 16,8%-ы ауырып жатыр. Бұл туралы білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
78 мектепте 479 сынып қашықтықтан оқу форматына ауыстырылды. Нақты айтатын болсақ, облыс орталығында - 248 сынып, Екібастұз қаласында -68 сынып, Ақсу шаһарында - 45 сынып, Баянауыл ауданында -25 сынып, Железин-8 сынып, Тереңкөлде -10 сынып, Успенде -30 сынып, Павлодар ауданы-29 сынып ауыстырылды. Ал амандандырылған білім беру ұйымдары 16 сынып онлайын оқып жатыр.