Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Григорий Потанин мен Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбегіне арналған конфеернция өтті. Шараға белгілі ғалымдар қатысып, ұлы ғалымдарың мұрасындағы құнды ойларды ортаға салды.

Конференция барысында қос ғалымның Орталық Азияны зерттеудегі маңызды еңбектері жайлы молынан айтылды. Қазақ халқының рухани мұрасына қосқан теңдесіз еңбектері жайлы сөз болды. Мселен, Шоқан Уәлиханов қазақтың ежелгі жыр аңыздары жайлы құнды деерктер қалдырып, алғашқы ғылыми пайымды жасағаны белгілі.

Ғылыми ойлар ортаға түскен шараға ғалымдар, ұлылардың мұрасына қызығушылық танытып жүрген жастар қатысты.