Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің 11 жауынгері жоғары оқу орнына грант иеленді. Әскери міндеттерін өтей жүріп өз білімдерін дәлелдей алған сарбаздарға сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

5512 әскери бөлімінің жауынгерлері үйлеріне үлкен қуанышпен қайтатын болды. Әскерді абыроймен атқарғандарынан бөлек, еліміздің айтулы жоғары оқу орындарына грант иеленді. Сертифкаттар көпшілік алдында салтанатты түрде табысталып, тәрбие мен білімді қатар алып жүгендері үшін алғыс айтылды.

Сарбаздар грант алған университеттер қатарында ҚазҰУ, ҚБТУ, Еуразиялық ұлттық университет сияқты белді оқу орындары бар.

Жауынгерлер әр түрлі мамандықты таңдаған. Әскери саладан бөлек ауыл шаруашылығы, гуманитарлық салалар да бар.