Биыл Павлодар облысында 1024 адам еркін түрде медициналық мекемені таңдады. 900-ге жуық емделуші жеке емханаларға тіркелген. Толығырақ тілші сюжетінде.

Павлодар облысында қазір 30 медициналық ұйым бар. Пациенттер 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығына ие болды.

Айгүл Әбілхасан, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының үйлестірушісі

Емханаларға тіркелудің 2 нұсқасы бар. Бұл бірінші өзіңіз барып тіркеле аласыз, екінші электронды үкімет арқылы жүзеге асады. Электронды форматта емханаңызды, қай учаскеге және дәрігерді таңдау қажет. Дәл осы уақытта ғана пациент өзіне қажетті дәрігерді таңда алады. Басқа жағдайларда пациенттер тек өзі тұратын аумақтағы емханаға ғана тіркеле алады.

Емхананы таңдап тіркелсеңіз, бұрынғы емханаға барып, тіркеуден шығу міндетті емес. Ол автоматты түрде жүзеге асады.

Айгүл Әбілхасан, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының үйлестірушісі

Бізде осы жылғы компанияда 1024 адам қайта тіркелді. 118 адам мемлекеттік мекемелерге, 906 адам жеке медициналық нысанғатіркелді. Былтырмен салыстырғанда 893 адамға артық. Оның ішінде 826 жеке, 60-тан астамы мемлекеттік емханаға барды. Осы науқанда теміржолшылар емханасына 259 адам, Ақсудағы Витаклиник емханасына 241 адам тіркелді. Көш бастап тұрған осы мекемелер.

Нормативтерге сәйкес, жалпы тәжірибелік учаскеге 1700 адам, терапиялық учаскеге 2200, педиатриялық учаскеге 900 адам ғана тіркеледі. Яғни әр учаскеде осыдан артық адам болмауы тиіс. Ондай жағдайда тұрғындарға басқа учаскелер мен дәрігерлер ұсынылады.

Айгүл Әбілхасан, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының үйлестірушісі

Әрине еркін таңдау мүмкіндігі бар, бірақ орналасуы жағынан үйіңізге жақсын емхананы таңдаған жөн. Себебі, сіз қаланың бір шетінде емхана қаланың екінші шетінде болса, мысалы жай ғана үйге дәрігер шақырту қиындық тудырады. Дәрігер сізге 20 минуттық қашықтықта болуы керек. Келуі келеді, бірақ оған уақыт кетуі мүмкін.

Тіркеу науқаны кезінде тіркелген азаматтар жаңа медициналық ұйымнан медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды.

Самал Қалиқызы