Павлодар облысында күніне 20-ға жуық әйел өзіне не баласына көрсетілген зорлық-зомбылық салдарынан полицейлерге жүгінеді екен. Соңғы кезде бұл бағытта заң қатаң, сәйкесінше статистика да көбейіп отыр. Осыған байланысты жылда зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы өтеді.
Акция аясында Зеленая роща спорт базасынан Усолка шағын ауданына дейін автошеру ұйымдастырылды. 20-ға жуық көлік акцияға қатысты. Негізгі мақсат – зорлық зомбылықты төзбеуге қоғамды тәрбиелеу. Зорлық зомбылық туралы заң қатаң бола түскенмен, біздің елде бұл сұрақ әлі өзекті. БҰҰ мәліметнше жылына 400 әйел зомбылық салдарына қаза табады. Әрбір 8 әйел зорлықтың құрбаны. Ең өкініштісі олардың көбісі уақытында көмек сұрауға асықпайды.
Гаухар Омарова, «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының басшысы
Біздің бүгінгі шарамыз әйелдер мен балаларға қатысты зорлық зомбылықсыз 16 күн акциясына бағытталып отыр. Науқан 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығын қамтиды. Негізгі мақсат қоғамды зорлық зомбылықты төзбеуге ақпараттандыру, әр үйде береке мен бірлік болу керек. Соңғы кезде біздің қоғамда отбасындағы зорлық зомбьылық жағдайлары көбейіп кетті, соның алдын алу мақсатында осындай шаралар маңызды. Әр бала бақытты әрі берекелі отбасында өсуі керек.
Әлеуметтік желі дамыған сайын зорлық-зомбылық фактілері көп айтылып, тіркеле бастады. Қоғам, әсіресе әйелдер мен балалар қандай да бір дискримининация, абьюзивті қарым қатынасты туралы ашық айтудан қорықпайтын деңгейге жетті. Соған қарамастан көрсеткіш көңіл көншітпейді.
Арина Мусина, Павлодар облысы ПД тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы
Әрине бізде заңнамадағы өзгерістерге сәйкес статистика өсті. Бұл заңбұзушылықтарды анықтауға көшуімізбен байланысты. Соңғы кезде әйелдер көп жүгіне бастады, бұл олардың өз өміріне, балала рының өміріне, денсаулығына бейжай қарамауы деп ойлаймын. Жыл басынан 2 мыңнан астам әйел көмекке жүгінді. Ал, тәулігіне 20-дан аса өтініш келеді. 73-ші бапқа сәйкес кінәлілер жауапқа тартылады. Материал сотқа жіберіледі.
Осылайша 16 күн бойы қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар, полицейлер мектептерде, колледждерде, әскери бөлімдерде, жалпы қоғам арасында зорлық-зомбылықтын алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді.
Самал Қалиқызы