Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 25-ші сессиясы өтті. Күн тәртібінде қала құрылысы мен сәулет басқармасына жүктелген міндеттердің орындалу барысы, облыс жолдарының жай-күйі және Екібастұз қаласында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын құру мәселелері қаралды. Сонымен қатар депутаттар облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістерді талқылады. Тілші әңгімесінде.

Павлодар қаласында қазір реновациядан өтуі тиіс 4 тұрғын үй бар. Бұл үйлер сүріліп оның орнына жаңа көп қабатты баспана салынады. Жоспарға сай 2029 жылы құрылыс толық аятқалады. Бұл жұмыстар толықтай аумақтың даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Бақытжан Әлімғазинов, Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Қалған үйлерді содан кейін жалпы пәтердің сыйымдылығы 1020 бірлік болатын көп пәтерлі үй салу көзделген. Жалпы қойылған міндетерді орындау шеңбетрінде осы бағыттар бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Аумақтық жоспарлар және даму негізінде кешенді қамтамасыз ету үшін іс қимыл жүргізу үйлестіріледі.

Бюджетке енгізілетін түзетулердің жалпы көлемі 7,5 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат ең алдымен бұрын басталған инфрақұрылымдық жобаларды аяқтауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар шығындарды қаржыландыруға бағытталмақ.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

В ходе уточнение определены источники в сумме 7,5 млрд из них на... Жалпы 7,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы анықталды. Олардың 2,3 млрд теңгесі бюджеттің кіріс бөлігін түзету арқылы алынған. Ал 9,8 млрд теңге – шығындарды оңтайландыру мен мемлекеттік сатып алулардан үнемделген қаражат. Білім беру саласына 3 млрд теңге бөлінді. Оның 2 млрд теңгесі – жалақы қорына арналған. Бұл қаражат қызметкерлердің біліктілігін арттыру және сыныптар мен оқу комплектілерінің санын көбейтуге бағытталған. Коммуналдық қызметтерге 579 млн теңге қарастырылды. Ақсу және Екібастұз қалаларындағы білім беру ұйымдарында жылу мен электр энергиясының тарифінің өсуіне байланысты бөлінген. Ал 493 млн теңге қызметкерлердің іссапар шығындарын өтеуге арналған. Жалпы облыстық бюджеттің көлемі 104 млрд 700 млн теңгені құрайды. Оның 45 млрд теңгесі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер.

Бұған қоса, көлік инфрақұрылымына 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаржы алты жол жөндеу жобасын аяқтау үшін бағытталады, соның ішінде Майқайын – Екібастұз облыстық, Ертіс, Железин, Шарбақты аудандық жолдары және Ақсу ауылдық аймағы бар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына да қаражат бөлінді. Онда 1 млрд теңге бөлініп, трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта жаңарту жұмыстары жалғасады. Жергілікті атқарушы органның резервін арттыруға 2 млрд теңге қарастырылған.Облыстық бюджеттің барлық мәселелері комиссия отырыстарында талқыланған екен.

Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

Қазір біз бюджетке нақтылау енгізуді қарастырдық. Оның көлемі – 7,5 млрд теңге. Бұл қаражат бұрынғы жобаларды аяқтау үшін қажетті бағыттарға жұмсалатын болады. Яғни, заңнамаға сәйкес мәслихат сессиясында қаралуы тиіс салаларға қаржы бөлу қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар бүгін біз құрылыс жөніндегі комиссияның мәселелерін де талқыладық. Депутаттар ұсыныстарды бірауыздан қолдады.

Халық қалаулылары енгізген түзетулер облыс бюджетін әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталды.

Әйгерім Тоқпанқызы