Павлодарда мемлекеттік тілді қолдауға арналған жастар форумы өтті. Оған тіл жанашырлары, ғалымдар, облыстың жас тұрғындары қатысты. Шара аясында бірқатар жандар марапаттарға ие болды.

Мемлекеттік тілді дамыту, қолданыс аясын кеңейту жолында көптеген шаралар өтеді. Оған әр түрлі қоғам өкілдері қатысады. Осылайша қазақ тілінің болашағы жолында үлкенді, кішілі қадамдар жасалуда. Бұл форум да осы мақсаттағы шаралардың бірі.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Он жылдың аясында мемлекеттік тілде тарайтын контенттер басым түсіп жатыр. Және осыған біздің жастар келіп жатыр. Бұл тек қана бір маманның қолынан келетін шаруа емес. Барашмыз ат салысуымыз керек. Әрқайыссымыз бүгінгі ұрпақ үшін кінәліміз. Мемлекеттік тілдің егесі сіз болсаңыз, ол тілде эжастар сөйлей алмай жатс әрине сіз кінәлісіз.

Шара аясында белгілі ғалым, тіл жанашыры Айман Зейнулина Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгімен марапатталды.

Айман Зейнулина, «Үш тұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі

Мен кеңес дәуірінің оқушысымын, студентімін. Аалаш арыстарын білген жоқпын. Ленин ғана атамыз болды. Бірақ, қазақ тілін жоғалқан жоқпын. Сеебебі, отбасында қазақша сөйледік. Сондықтан, қыздар, жігіттер қазақ тілі сақтаулы үшін үйлеріңдегі отабсынан басталады.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің дамуына салысып жүрген бірқатар жастар да марапатқа, сый тартуға ие болды.

Рада Коломина, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының маманы

Мемлекеттік тілді мен бала кезімнне үйренгенмін. Ауылда өстім. Бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қазақша оқыдым. Ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс жасаймын.

Марапат алғандар қатарында мәдениет, тіл саласының қызметкерлері де бар. Шара аясында шақырылған өзге де қонақтар ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.