Полицейлер «Учаске» жедел алдын-алу шарасы аясында пәтерлерді тексерді. Құқық қорғаушылардың айтуынша тұрғын үйлерді аралап, азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу – қылмыстың алдын-алуда маңызды элементтердің бірі.
Мұндай жұмыс құқық бұзушылардың жолын кесуге ғана емес, алдын - алуда да аса маңызды. Бұл - қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттыруға ықпал етеді. Шара аясында заңсыз мінез - құлыққа бейім адамдар жиналуы мүмкін орындарды, сондай-ақ қылмыстық әрекеттің ықтимал таралу ошақтарын анықтауға ерекше назар аударылады. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, одан әрі ден қоюды қажет ететін фактілерді сараптайды. Тұрғындармен профилактикалық әңгімелер де жұмыстың ажырамас бөлігі. Полицейлер азаматтарды қылмыстық әрекетке байланысты қауіптер туралы хабардар етеді. Заңнаманы сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді және өздерін және мүлкін қорғауға көмектесетін шараларды еске салады.