Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясының салтанатты ашылуы өтті. Шараға «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары мен өңірдің белсенді жастары қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Акция қоғам назарын зорлық-зомбылықтың алдын алуға, адам құқықтарын қорғауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама азаматтарды өзара құрметке, жауапкершілікке, қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның сезімталдығын арттыруды көздейді.
Шараға облысымыздың «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңіне өткен үздік отбасылары мен өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Ауыл-аймақтардан келген 5 отбасы бірлік пен берекенің үлгісін көрсетті.
Жанат Беспаев, «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы
Біз ертіс ауданынан келіп отырмыз, Беспаевтар отбасы. Мерейлі отбасы байқауының жеңіпазы болдық облыстық деңгейде. Әрқашанда жақын туысқандарға көмектесу, сабырлы болу, жұмысқа адал болу. Осы қасиеттерді насихаттап жүрміз.
Акция жыл сайын өтетін халықаралық науқанмен сабақтасып, 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрес күні мен 10 желтоқсан – Адам құқықтары күні аралығын қамтиды. Осы екі күн арасында бүкіл әлемде қоғамда адам құқығын құрметтеуге шақырған түрлі бастамалар өткізіледі.
Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы
Басты мақсат отбасы үлгісіндегі жастар жас отбалысылар арасында зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыстастыру. Әйелдер істері және отбасылық істер демкоратиясының мүшелері қатысып отыр.Әр отбасы өз құндылықтарымен, ерекшеліктерімен жастарға үлгі көрсетіп жатыр.
16 күн бойы облыстың әр ауданында, қала мен ауылдарда түрлі форматтағы шаралар өтеді. Жастардың қатысуымен фотокөрмелер, шығармашылық инсталляциялар, тренингтер, құқықтық кеңес беру алаңдары жұмыс істейді. Акция аяқталған соң үздік жобалар мен белсенді қатысушылар марапатталады.
Дильназ Қуанышбекқызы