«Аманат» партиясы жанындағы өңірлік әйелдер қанаты жыл басынан атқарылған жұмыстарымен бөлісті. Бірнеше маңызды жобалар қолға алынған екен. Толығырақ тілші сюжетінде.

Гендерлік стратегияны жүзеге асыру аясында елде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қызмет етеді. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты жаңа тұжырымдама қабылданды.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Бұл жиын ең басты әйелдердің қоғамдық саяси процеске араласуының айқын көрінісі. Өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Аманат» партиясы құрамындағы әйелдер қанаты 2023 жылы партия төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен құрылған еді. Осы екі жыл ішінде әйелдердің қоғамдық саяси салада рөлі маңызды екенін дәлелдеді. 2025 жылға біздің өңірде партия құрамында 47500 адам бар. Олардың 54,4 пайызы әйелдер. Биыл қатары тағы 750 әйелмен толықты.

Света Әбдіраманова, «Amanat» партиясы ПОФ жанындағы өңірлік әйелдер қанатының төрағасы

Өңірлік әйелдер қанатының бір жұмысы ол кеңес. Оның құрамына депутаттар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілері енеді. Кеңестің қарастыратын негізгі сұрақтары жол картасын жүзеге асыру және гендерлік және отбасы саясатының индикаторларын орындау. Біздің кеңеспен палиативті балаларға қатысты жоба қолданды. Біз ата аналармен бірлесіп, 17 позицияға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс тастадық.

Өңірдегі 216 бастауыш партиялық ұйымдардың 60 пайызында әйелдер.

Ольга Андрющенко, өңірлік әйелдер қанатының «Ғылымдағы әйелдерді қолдау» бағытының төрағасы

Әйелдер қанатының жұмысы аясында біз бірнеше жобаны қолға алдық. Олардың бірі «Ғылымдағы әйелдерді қолдау». Өңірімізде алғаш рет төрт жоғары оқу орны бірігіп, жас магистрант, докторант, ғалымдарды қолдау білдіріп отыр. Ғылым жолына түскісі келетін жас қыздарды, әйелдерді қолдау жүргізіледі. Мақалаларды қалай жазу, ғылыми журналдарға грантқа тапсыру тағы да басқа сұрақтармен көмек көрсетіледі.

Аймақтағы өндіріс орындарында 10 мыңнан астам әйел еңбек етеді. Олар өңірдің экономикалық жағдайына ғана емес, демографиялық ахуалды жақсартуға да үлес қосып келеді. Осы ретте, нәзік жандардың кейде өзіне, денсаулығына уақыт таппайтыны қиын деді спикерлер. Бұл бағытта әйелдер қанатымен тағы бір жоба қолға алынды.

Динара Айтжанова, өңірлік әйелдер қанатының «Еңбек қауіпсіздігі және өндірістегі әйелдерді қолдау» бағытының төрағасы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмыс орынларына спикерлер келді. Оның ішінде мықты мамандар келіп, кеңес берді. Оның ішінде скринингтің маңыздылығы туралы айтылды. Емханалар тиісті деңгейде жұмыс істейді, осы скрининг үшін мемлекет қанша қаражат бөледі. Бірақ адамдар түрлі сылтау тауып, бармай жатады. Сол үшін спикерлерді, дәрігерлерді жұмыс орындарына шақырдық.

Шынымен, қоғамда ерлермен қатар әйелдер де қазір белсенді. Олар саясатта, мәдениетте, спортта, билікте, ең бастысы сол әйелдер бала тәрбиелеп, үйдің берекесін де келтіріп отыр.

Самал Қалиқызы