Майқайыңда 4 адамның өмірін қиған апатқа байланысты сот үкімі шықты. Үкім Екібастұз қалалық сотында жарияланды.

2024 жылы 4-қаңтарда болған қасіретті апаттан соң алты адам күдіктілер қатарына қосылған еді. Олар кәсіпорынның бұрынғы бас директоры мен бірінші орынбасары, шахта директоры мен бас инженер және екі учаске басшысы. Бұрынғы бас директор төрт жылға, өзгелері 3 пен 3 жарым жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Олардың ішінде біреуінің жасы үлкендігіне байланысты бас бостандығы шектеледі.

Айжан Байгоншекова, Екібастұз қалалық сотының судьясы

Сот үкімі бойынша «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша кінәлі деп танылдыңыздар. Сіздердің кінәларыңыз сот тергеуінде ұзақ уақыт бойы зерттелген іс бойынша жиналған деректер жиынтығымен дәлелденген. Тергеу барысында куәгерлер, жәбірленушілер, мамандар тыңдалып, жауап алынды. Аталған дәлелдемелердің, куәгерлердің, жәбірленушілердің және қайғылы апаттың себептерін анықтау дерегі бойынша қорытынды жүргізген маманның айғақтарының жиынтығы сотталғандардың кінәсін толық дәлелдеді, растады, анықтады. Правонарушение.

Сот жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын қанағаттандырмады. Тараптар әрбір ересек адамға 5 миллион теңгеден және балаларға 25 миллион теңгеден өндіріп алуды сұраған еді. Мұны сот сотталушылар бұрын «жәбірленушілерге ерікті түрде өтемақы» жасағандығымен түсіндірді.