Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры сахнасында жаңа құрылған «Шексіз» театры өнер көрсетті. Қарағандылық қонақтар Павлодар көрермендеріне жастарға арналған қойылым ұсынды. Екі ғашықтың асқақ сезімін баяндайтын спектакльді біздің түсірілім тобы да таспалаған еді.

«Қоштасуға не себеп?» қойылымы жастық шақтың балауса кезін, махаббаттың тәтті мұңын баян етеді. Ғашықтың сезімнің әуресіне түскен сергелдең шақ. Жастардың әр қилы сезімі. Ғашығын көлеңкеден де қызғанып, хабарын тек құрбысымен достары арқылы алатын шақ.

Махаббатты азапты жолы жастарды көп әуреге салады. Ғашықтар тіпті ауыр сынаққа тап болады. Одан да өзге өмірдің күтпеген қасіретті сәттерін де жастар сахна тілінде баяндай білген.

Махаббат - күрес. Жүректегі ғадауат кейде көк аспан мен қара жерді күрсіндіреді. Ал, бұл ғадауатта кім жеңісе жетеді?

Қойылым авторы Қарағанды облыстық театырының және «Шексіз» театрының әртісі Сұлтан Серікұлы.

Сұлтан Серікұлы, «Sheksiz» театрының әртісі

 «Шексіз» театры биыл маусым айында алғашқы премьерасын «Қоштасуға не себеп?» Қарағанды халқына ұсынды. Күзде Қарағандыда халықтың сұрауы бойынша тағыда ұсынған болатынбыз. Павлодар бірінші қала. Қазақстан бойынша барлық қалаға турнеге кетіп жатырмыз. Қоштасуға әр түрлі себеп. Реніш бар, түсініспеушілік бар. Махаббаттың кейде қадірін түсінбей жатамыз, бағаламй жатамыз. Қоштасуға осы себеп болуы мүмкін.

Театрдың алға қойған жоспарлары ауқымды. Өнер айдынында желкенін көтеріп жатқан ұжым барлық жастағы көрерменді қамтып, адам тағдыры мен болмысының сырын, өмірдің әр түрлі сәттерін өнер тілінде баяндамақ.