Полиция департаментінің қызметкерлері жалған нөмір тағып, көлік басқарып жүрген жүргізушіні ұстады. Жол сақшылары кезекшілік кезінде «Павлодар-Қызылорда» автожолында Toyota Vellfire маркалы автокөлік тоқтатады. Рөлде 37 жастағы елорда тұрғыны болған.
Көлік айып тұрағына қойылды. Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жолданып, қаулы бойынша жүргізуші бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Жалпы, жыл басынан патрульдік полиция ротасы қызметкерлері жүргізушілердің жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін қолдануына қатысты 21 фактіні анықтады.
Әйгерім Тоқпанқызы