Өңірде 2027 жылдан бастап жоғары сапалы бензин шығарылады. Алкилат өндіретін зауыт экологиялық талаптарға сай K5 класындағы жағармай отынын жасайды. Бүгін зауыттың құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Оған өңір басшысы Асайын Байханов және ҚР энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов және инвесторлар қатысты. Тілші әңгімесінде.
Павлодарда алғаш рет ел аумағында бұрын өндірілмеген алкилат шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Салтанатты түрде бүгін оның қазығы қағылды. Аумағы 18 гектарды қамтитын жоба жылына 100 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Бұл, елімізге жоғары октанды, экологиялық таза К5 стандартына сай бензин мен авиациялық отынды өңдейтін алпауыт кәсіпорын болмақ.
Дулат Сәлімбаев, «INTERTRANS С.A.» компаниясының жоба жетекшісі
Алкилат это высоко октановый компанент для производства экологический чистых товарных бензинов. Алкилат – экологиялық таза бензин өндіруге арналған жоғары октанды компонент. Біздің өнімнің шикізаты – Павлодар мұнай-химия зауытынан жеткізілетін бутан-бутилен фракциясы. Жобаның жоспарланған инвестиция көлемі – 35,5 млрд теңге. Бұл – еліміздегі алғаш рет іске асырылатын алкилат өндірісі. Шикізат К5 санатындағы экологиялық таза бензин өндірудің негізгі компоненті болып саналады. Елімізде тек К4 класындағы экологиялық бензин ғана шығарылады
Дайын өнім Павлодар мұнай-химия зауытына жөнелтіледі. Бұл өндірілген, яғни пайдалануға дайын бензин алуға мүмкіндік береді. Шикізат арнайы құбыр желісі арқылы тасымалданып, насос жүйесімен айдалады. К5 санатындағы бензин – экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза, ауаға зиянды қалдықтарды шығармайтын отын түрі. Өндіру технологиясының лицензиясы Ланьчжоу жобалау институтына тиесілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда мұнай-газ саласын жаңғыртуды тапсырған еді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев биылғы жолдауда мұнай газ кешеніне ерекше назар аударды. Бұл салаға инновациялық жобаларды тартуды тапсырды. Бүгінгі шара осы міндетті іске асыру жолындаағы нақты қадамдардың бірі.
Жоба мұнай-газ саласының жаңа дәуірін ашатын, ел өнеркәсібі қуатын арттыратын және отын қауіпсіздігін нығайтатын маңызды белес.
Санжар Жаркешов, ҚР энергетика вице-министрі
Құрылысы басталайын деп жатқан алкилат зауытының жобасы тек технологиялық бастама емес. Бұл жоба мұнай газ бетінің тарихын ашады. Және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін үлес қосады деген үміттемін. Бұл жобаның тиімді іске асуы отын қауіпсіздігін нығайту отандық өнімнің сапасын арттыру және қоршаған ортаға әсерін азайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Зауыттың қазығы қағылды. Енді құрылысы басталады.
Жобаның іске қосылуымен зауытта 178 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар, Павлодар университеттерімен меморандумға қол қойылып, жас мамандар жұмыспен қамтылады. 35,5 млрд теңге инвестиция құйылды.
Әйгерім Тоқпанқызы