Павлодарда жас оқырмандар Сүлеймен Баязитовтың шығармаларына терең бойлады. Қаламыздағы балалар оқу орталығында жергілікті қаламгердің еңбегін дәріптеуге арналған әдеби байқау өтті. Шара барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Толығырақ тілші тарқатады.
Байқауға қала мектептерінен 7 мен 15 жас аралығындағы өнерлі оқушылар қатысты. Ақынның өлеңдері мен шығармаларын мәнерлеп оқудан өзара бағын сынады. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. Байқауға 15 оқушы қатысты.
Олжас Асылбек, қатысушы
Мен бүгін Сүлеймен Баязтовтың өлеңдерін айттым. Маған өлең жаттаған ұнайды. Мен оны аз күн ішінде жаттадым. Мен бүгін жүлделі орын аламын деген үміттемін.
Байқау барысында жас өнерпаздар ақынның жүрекке жетер жырларын тебірене оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Әрбір қатысушы Сүлеймен Баязитовтың шығармаларындағы патриоттық рух пен туған жерге деген сүйіспеншілікті жеткізе білді.
Жазушының шығармалары республикалық басылымдарда жарияланып келеді. Оның «Бастау», «Жасыбай батыр», «Құдіреті күшті бір Алла», «Хан ием», «Жаралы жердің жанары» сияқты кітаптары оқырманның ыстық ықыласына бөленген.
Алпысбай Хонж, Павлодар қаласы С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының меңгерушісі
Жыл сайын Сүлеймен Баязитовтың оқуларына белсене қатысамыз дейтін оқушылардың саны жылдан-жылға артты. Ол өте қуанарлық жайт. Себебі ақынның өлеңдерін жатқа білу, бұл біздің қоғамдағы мемлекеттік тілдің дамуына өңірдегі әдебиеттің,соның ішінде жас буынның әдебиетке бет бұрудың қалыптасуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. Жас ұрпақ осы қаламгердің шығармларын білген дұрыс, өте орынды. Себебі Сүлеймен Баязитовтың шығармалары жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке баулиды. Сонымен қатар, өзінің туған жерін, елін қастерлеуге, жұмысына, қызметіне адал болуына, алға қойған армандарының биік болуына насихаттайтың жақсы туындылары бар.
Бүгінде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар әдебиетіне арналған жеке ғимарат қаламгер есімімен аталады. «Баязитов оқулары» жазушы мұрасын жас ұрпақ бойына сіңіріп, балғындардың өнеріне дем беретін маңызды шаралардың бірі.
Сабина Жолдаспаева