Алда болатын мерекелер қарсаңында Павлодар облысының тұрғындары көкөністерді қолжетімді бағамен ала алады. Халық көп тұтынатын қияр 980, қызанақ 925 теңгеден сатылатын болады. Бұл баға облыс әкімдігі мен жылыжай кешендері арасындағы меморандумға негізделген.Толығырақ тілші әңгімесінде.
Қызанақ пен қияр біздің өңірде тек жылыжайларда ғана өсіріледі. Қыста бұл өнімнің бағасы шарықайтыны анық. Мысалы қазір дүкен сөрелерінде бұл көкнөстер, яғни, қияр 1100 ал қызанақ 1300 теңге болып саудаланады. Тауар бағасын тұрақтандыруға бағытталған меморандум өңірде өндірілетін азық-түліктің қолжетімді бағада саудалауға ықпал етеді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жалпы тұрғындарды алаңдататын сұрақтардың бірі мына әлеуметтік маңызы бар тауар емес жалпы, біздің өңірімізде өңдейтін өсірілетін азық түлік қолжетімді бағада болу керек. Сол себепті біз осы жерге жиналдық.
Облыстық кәсіпкерлік және сауда және ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары сондай-ақ «Greenhouse-Qaztomat» және «Ақсу жылыжай кешені» серіктестерінің директорлары құжатқа қол қойды. Енді кәсіпорындар халықты қыс мезгілінде үздіксіз өніммен қамтамасыз етеді. Қазір облыста қуаттылығы жылына 14 мың тоннадан асатын үш ірі жылыжай кешені жұмыс істейді.
Әйгерім Қабылтаева, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Қыс айларында 140 тонна қияр мен 140 тонна қызанақ құрайды. Қазір бағасы 1100, қызанақ 1300 теңге сұраныс өсе келе бұл баға арттыу мүмкін. Сондықтан бұл бағаны тежеу мақсатында меморандумға жасасу көзделіп отыр. Жылыжайда қызанақтың бағасын 800 теңгеде. 850 теңгеден босататын болады.
Азаматтардың күнделікті тұрмысын жеңілдететін маңызды мәселе, бұл азық-түлік бағасының қолжетімді болуы. Әсіресе өңірде өсірілетін өнімдердің арзан әрі сапалы болуы жергілікті билік үшін басты назарда тұрған міндет.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Халықтың жағдайын, халқтың әл ауқатына әсер ететін сұрақтардың бірі. Сол сұрақты назардан тыс қалдырмай сәл болса да осындай әлеуметтік тауаррадың арзан болуы бізге өте маңызды. Және де Павлодар облысының тұрғындары дәл біздің өңірде өсіп жатқан қандай да бір азық өнім сәл болса да арзан болса.
Өнім облыс орталығына, Екібастұз және Ақсу шаһарларына 5 желтоқсанан бастап жеткізіледі.
Әйгерім Тоқпанқызы