Кешеден бері шаһар көшелері ерекше кейіпке еніп, кешқұрым әдемілене түсті. Бұл қаладағы иллюминация мен сәулеттік жарықтандыру жұмыстарының нәтижелері. Осы бағытта шаралар жалғасады деді, қалалық әкімдікте.
Сонымен, Павлодар қаласында Назарбаев көшесі 32,34, 46, 46/1, 50, 52, 89, 89/2, Шөкин көшесі 100 және Амангелді көшесі 50/1,Баян батыр 8,9,10, Олжабай батыр 7/1, Бекмаханов көшесі 115/1, естай көшесі 83/1 және Инвесторлар үйі сәулеттік жарықтандырылды. Көз үйренбегендіктенбен бе, бір қарағанда басқа қалада жүргендей ой келеді. Ағаштар да жарықтандырылып, шаһардың кешкі уақытта тіпті сәні кірді.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
Облыс әкімінің қолдауымен қалада илюминация және сәулеттік жарықтандыру жұмыстары жалғасты. Лермонтов пен Назарбаев көшелерінде ағаштар жарықтандырылды. Заманауи атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Қала келбетін жақсартуға бағытталған шаралардың бұл басы ғана екен. Ал, көпшілікті алаңдатқан сұраққа қалалық әкімдік, аталмыш жұмыстар демеушілер есебенінен атқарылды деп жауап берді. Әлеуметтік желіде де павлодарлықтар шаһардың жаңа кейпіне лайк басып, жақсы лебіздерін қалдырып жатты.
Самал Қалиқызы