Өңірімізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпті жүргізуші» атты жедел-профилактикалық шара өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары рейд барысында шамдарын өшіріп, күдік тудырған « Toyota» автокөлігін тоқтатқан.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізуші өзін түсініксіз ұстап, сұрақтарға анық жауап бере алмаған. Медициналық тексеріс оның мас күйде болғанын дәлелдеді. Құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды. Жиналған материал сотқа жолданды. Шара кезінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерінің орындалуын қатаң бақылайды. Жүргізушілерді іріктеп тексеру жұмыстары күшейтілген. Құқық қорғау органдары тұрғындарды жолға шыққан кезде жауапкершілікпен қарауды ескертеді.
Сабина Жолдаспаева