Павлодарлық формацевтер дәрі дәрмектің құрамы мен бағасын «Нақты өнім» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп алуға кеңес береді. Қазіргі кезде қаладағы барлық дәріханаларда дәрілік препараттар QR-кодпен таңбалаған. Мобильді қосымша қалай жұмыс істейді? Толығырақ келесі сюжеттен көрейік.
Тұрғындар дәрілік перепаратты алмас бұрын ең алдымен оның құрамы мен жарамдылық мерзімен тексергені абзал. Енді бұл қиын емес,себебі «Нақты өнім» және «Дәрі KZ» мобильді қосымшалары арқылы кез келген дәрінің мәліметін бірнеше секунд ішінде тексере алады.
Елтай Жакаманов, Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бас маманы
2024 жылдың 1 маусымнан бастап барлық дәрілер таңбалануы қажет.Және де сол таңбаланған препараттарды біз нақты өнім. мобильдік қосымшалар арқылы тексере аламыз. Яғни біз кез келген дәрілік препараттың кюар кодын сканерлеп оның толыққанды ақпаратын ала аламыз.
Айта кетейік, «Дәрі KZ» қосымшасында тек мемлекет тарапынан белгіленген препараттардың шекті бағалары көрсетілген. Егер дәріханада көрсетілген баға қосымшадағы шекті бағадан асып кетсе, тұтынушы бірден онлайн өтініш немесе шағым жолдай алады. Бұл механизм артық төлемнің алдын алып, дәрілік нарықтағы тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді.
Дильназ Қуанышбекқызы