Елімізде 1-5 желтоқсан аралығында «Газбаллон» акциясы өтіп жатыр. Осыған орай, газбен қамтылған көліктер, газ құятын бекеттері де тексерілді.

Бұл қаламыздағы ірі сауда орталығының жабық автотұрағы. Кіреберісте аталмыш орынға газ қондырғылары орнатылған көліктерге кіруге болмайтыны туралы белгі де бар. Алайда мына темір тұлпардың иесі оны байқамады ма, басқа ма? Енді міне төтеншеліктерден ескерту алды.

Сауда орталығының өкілі автотұрақтағы көліктер жиі тексерілетінін айтты.

Дмитрий Ковалев, сауда үйінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы

Жер астын паркінгіңе автоматты кіргізу, кірбізбеу жүйесі жоқ. Бірақ біздің қауіпсіздік қызметі жиі паркинке түсіп, көліктерді қарап бақылап отырады. Газбен қамтылған көліктер болса, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Қаладағы тұрақта газ баллоны құрылғысы істемеген көліктер де анықталған. Бірден тиісті қызметтер шақыртылды.

Газ қондырғылары заңсыз орнатылған көліктер де полицейлермен, төтеншеліктермен тексерілді. Себебі, дұрыс орнатылмаған газ қондырғылары көп жағдайда жану мен жарылыс себептері болып жатады.

Оразбек Уәлиханов, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығы

Осы акция барысында қазіргі таңда парикнгтегі, автокөліктердегі азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Төтеншеліктер, полиция қызметкерлері өткізіп жатыр. Газбаллонмен қолдануға болмайды деген жұмыстар жүргізілуде.

Одан бөлек, газ құятын жанар-жағармай бекеттері де тексерілді. Себебі, автокөлікке құйылатын газды кейде тұрмыстық мақсатта баллонға құйып алатындар бар. Оның да қауіпті екенін төтеншеліктер ескертті.

Самал Қалиқызы