Павлодардың Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 11-сынып оқушысы Ерасыл Нығметулла – жақсылықты жүрегімен жасай білетін жас тұлға. Тәуелсіздік ұландары атағына ие болған сәттен-ақ, ол сыйақысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауды жүрек қалауымен таңдады. Өйткені шынайы жетістік – тек марапатпен емес, өзгеге тигізген мейірімділік пен адалдықпен өлшенбек.

Ерасыл үшін бұл жеңіс көп жылғы талпыныс пен еңбектің жемісі. Өңір бойынша жүз үздік оқушының қатарынан табылып, төсбелгі мен ақшалай сыйақыға ие болу әрбір жас үшін зор мәртебе. Бірақ Ерасылдың жүрегін ең толқытқан сәт алған қаражатының жартысын әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға өз еркімен табыстауы.

Ерасыл Нығметулла, дарынды балаларға арналған абай атындағы гимназияның 11- сынып оқушысы

Менің таңдаған номинациям жүректен жүрекке атты қайрымдылық концерті. Басқа мектептің оқуышыларымен ат салысып жиналған қаражат екі балапанның еміне жұмсалған болатын. Сайыс нәтижесі бойынша өңіріміздің дарынды 100 оқушысы төс бнлгімен және ақшалай марапаттпен марапатталған болатын. Әрине бұл уақыт бойы жасалған еңбектің нәтижесі.

Ол бұл қадамды алдын ала ойлап, өтініш берген күннен бастап-ақ іште бекіткен екен. «Аз да болса, біреудің жанына жылулық сыйласам» деген ниет оның нағыз азаматтық болмысының белгісі. Жүрегіндегі жарық өзгеге сәуле шашпай қоймайды.

Ерасыл Нығметулла, дарынды балаларға арналған абай атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы

Шынымды айтсам тәуелсіздік ұлаңдарына өтініш бергеннен сәттен бастап, бәрілітін қаражаттын жартысын павлодар қаласындағы жетімдер үйіне азық-түлік, ойыншықтар апарып берген болатынмын. Мен үшін бұл іс ерекше толғанысқа толған сәттердің бірі болды. Көптен бері армандап жүрген едім. Азғантай болса да балаларды қуанттық деген ойдамын.

Ерасылдың игі амалы өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі болар өнеге. Мұндай балалар барда қоғамның болашағы үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Өйткені мейірім көріп өскен ұрпақ ізгілікті беретіні анық. Жақсылық жасау үшін үлкен мүмкіндік пен мол қаражаттың қажеті жоқ. Кейде кішкентай ғана ізгі қадам да талай жүректі жылытады.Жақсылықта жарысайық,Аз болса да – көпке нұр шашайық.

Дильназ Қуанышбекқызы