Павлодар облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушылары арасында облыс әкімі тағайындайтын біржолғы сыйақыға үміткерлерді қабылдау басталды. Бұл бастама «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтеді. Мақсаты-үздік студенттер мен өз ісінің майталман ұстаздарын қолдау.

Облыс бойынша сыйақы үш номинация бойынша беріледі. Бірінші номинация – «Шебер асуы». Ол оқу үлгерімі жоғары, белсенді, өнерлі колледж студенттеріне арналған. Екінші номинация – «Үздік шебер». Бұл марапат арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне табысталады. Үшінші номинация – «Еңбек үздігі». Ол колледж педагогтерінің кәсіби еңбегін бағалауға бағытталған.

Әлия Жақыбай, Павлодар облысы білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері

Павлодар облысы әкімінің сыйақысы бір жолғы сипатқа ие. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған. Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде. Өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тағайындалады. Сыйақының басты мақсаты Павлодар облысының колледждернің студенттері, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері және колледж педагогтарының жетістіктерін тану. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және педагогтардың кәсіби өсуін ынталандыру болып табылады. Жас ерекшеліктері жоқ. «Шебер асуы» сыйақысы 50 АЕК мөлшерінде. «Еңбек үздігі» сыйақысы 100 АЕК мөлшерінде тағайындалады. Кандидаттарды іріктеуді және сыйақы беруді өңірлік комиссия жүзеге асырады. Оның құрамы Павлодар облысының білім беру басқармасы бұйрығымен бекітілген.

Сыйақыға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1-12 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Бұл бастама аймақтағы білім беруді қолдау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Үміткерлерге толық ақпаратты өз колледждерінің әкімшілігінен алуға болады.

Сабина Жолдаспаева