Павлодар қаласының тұрғыны түрлі жәдігерлерді жинап, олардан ерекше қақпа құрастырған. Бетонмен бекітілген бұл жұмыстар өткен дәуірдің атмосферасын қайтып оралтқандай. Ерекше коллекционермен әріптесіміз жүздесіп қайтты.

Байтұрсын Жұмабай, тілші

Бұл қабырғаға мыңға жуық жәдігер қойылған. Мұнда ескі сағаттар, лампалы теледидарлар, тіпті ыдыс-аяқтар да бар. Кейіпкеріміз осындай дүниелерді жинауға өмірін арнап келеді.

Владимир Андреев, коллекционер

Бұл қақпаны бір айдың ішінде жасап шықтым, көп уақытым кеткен жоқ. Келер жылы оны ағаштан жасалған декоративті элементтермен толықтырмақпын. Барлығын өз қолыммен жасаймын.

Владимирдің үйі бүгінде шағын мұражайға айналған. Коллекция жинауды 20 жасында бастапты. Кейін бұл әуестік 80–90 жылдардағы тұрмыстық заттарды жинауға ұласқан. Мәселен, мына балта — 1916 жылғы.

Владимир Андреев, коллекционер

Мәселен, бұл балтаны көршілерім әкеліп берген. Ал заттарды жинауды ең алғаш оттықтардан бастадым. Содан бері көне бұйымдарды іздеп, олардың әрқайсысының тарихын зерттеуді дағдыға айналдырдым.

Қала тұрғыны алдағы уақытта коллекциясын одан әрі толықтыруды көздеп отыр. Болашақта бұл құнды жәдігерлерді кең көлемде көпшілікке таныстырып, ашық көрме өткізуді жоспарлайды.

Байтұрсын Жұмабай