Бүгін жастар бастамаларын дамыту орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ІІМ оқу орталығының тыңдаушылары үшін гендерлік мәдениет пен көшбасшылық қасиетті дамыту тақырыбында кездесу өтті. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Ішкі істер органдарында қызмет ететін әйелдер күнделікті жұмыс пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүреді. Қиындығы көп қызметте нәзік жанды мамандар ер азаматтармен тең дәрежеде еңбек етіп, сапқа тұрып, кезекшілікке шығады. Сондықтан олардың кәсіби ортада өз мүмкіндігін толық жүзеге асыруы мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту маңызды мәселе. Бұл тақырып бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланды.

Адина Құсайынова, ІІМ оқу орталығының әлеуметтік және құқықтық пәндер циклінің бастығы

Іс шараның мақсаты әйелдер көшбасшылығын қолдау гендерлік мәдениетті дамыту, және ІІМ органдарындағы қызметкерлері өз әлеуметтік толық әлеуметтік жағынан және толық мүмкіндіктерін ашуға кәсіби орта қалыптастыру. Шара тәжірбие алмасуға өзара қолдау көрсетуге және ІІМ органдарындағы рөлін күшейтуге бағытталды. Оқу орталығының алдағы уақытта мақсаты кадрлық әлеуметті дамытуға арналған ішкі істер орнадраныдағы заманауи гендерлік саясатты қалыптастыруға бағытталған жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Адина Құсайынованың шені подполковник. Ішкі істер министрлігінде 2008 жылдан еңбек етіп келеді. Ол құқық қорғау саласына алғаш келген кезде қандай психологиялық қиындықтарды еңсергенін айтты. Жалпы аталған орталықта тыңдаушылар 2 ай білім алады. Бұл курстарды аяқтаған соң ішкі істер қызметіне жұмысқа қабылданады.

Адина Құсайынова, ІІМ оқу орталығының әлеуметтік және құқықтық пәндер циклінің бастығы

Өзімнің басшылығымда әйел адамдар болған соң әйелдермен сөз табу олармен жұмыс жасау. Тілін табу. Кейбір сәттерде көбінесе көмек көресту жастарға көмек көрсету. Қазір бізге келіп жатқан жас адамдар. Сондықтан қолдау көрсету біздің ең басты біздің мақсатымыз. Әйел адам болған соң саптық даярлыққа денсаулыққа дайын болу керек. Өзімізді кішкене батылдыққа өзімізді итеруіміз керек. Сондай ауыртпашылықтар болды но қазір жеңіп шықтық деген ойдамын.

Гендерлік мәдениетті нығайтуға арналған басқосуда спикерлер тең мүмкіндік, құқықтық, психологиялық қауіпсіздік және кәсіби этика бағыттарын талқылады. «

Әйгерім Тоқпанқызы