Бүгін халықаралық волонтерлер күні. Айтулы дата 1985 жылы БҰҰ-ның бастамасымен күнтізбеге кіргізілді. Осыған орай бүгін Павлодар облыстық «Жасыл ел» штабы колледж студенттері арасында «Жасыл квиз» деп аталатын іс-шара өткізді.

Қатысушылар ойындар мен тапсырмалар арқылы волонтерлік жұмыстың маңыздылығын талқылады. Бүгінде Ертіс-Баян өңірінде еріктілер қозғалысы белсенді дамып келеді. Әр ауылда волонтер қайырымдылық қызмет атқарады. Тіпті, олар мемлекеттік маңызы бар істерге ерікті ретінде үлес қосып жүр. Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы бері волонтерлар саны күрт өсті.

Гүзел Қапенова, «Жасыл ел» облыстық штабының менеджері

-Қазақстандағы әр жасөспірім біз үшін эковолонтер болып келеді.Осы іш-шара барысында осы жоспар арқылы олар өздерінің Қазақстанда экологиялық тазалық бойынша өздерінің ойларын дамытып, иедеяларын береді.