Дефест конференциясы осымен үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Негізгі мақсат мықты стартаперлерді анықтау, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол беру. Осы жолғы шараның ерекшілігі – жасанды интеллектіге негізделеді.
Павлодардың технологиялық экожүйесінде ерекше орын алатын, өңір жастары асыға күтетін ірі IT-жоба - DevFest 2025 хакатоны басталды. Екі күнге созылатын бұл ауқымды шара талантты жас мамандарды, стартап бастаушыларды және технологиялық саланың жанкүйерлерін бір алаңда тоғыстырады.
Нұрлан Медетов, Toraigyrov университетінің ректоры
Біздің студенттер үшін Дефест бұл мол мүмкіндіктер береді. Бұл гугл сарапшыларымен кездесуге, айтидің жаңа трендтерімен танысуға жаңа мүмкіндіктер береді. Жасанды интеллект қазіргі таңда жақсы дамып келеді. Қазіргі таңда біздің университет Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен жасанды интеллект зертханасын ашатын болады. Сондықтан біз бәріне ашықпыз.
Спикерлердің мазмұнды баяндамалары қатысушыларға өнім жасаудың жаңа тәсілдерін, web-қосымшалар әзірлеу жолдарын және жасанды интеллект саласындағы инновацияларды меңгеруге жол ашады. DevFest 2025 қатысушылары халықаралық деңгейдегі IT-көшбасшыларды тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Мәселен, Үндістаннан келген гугл сарапшы бағдарлама жасауды қыр-сырымен бөліседі.
Сентхилкумар Муругесан, Google сарапшысы
Менің стартап жоба жүкті келіншектер мен балаларға арналған. Жүкті әйел мына білезікті қолына таға алады. Сонда оның денсаулығының, көңіл күйінің жағдайы бірден емдеуші дәрігеріне түсіп отырады. Әйел қабылдауға барғанда дәрігер жағдайын осы білезіктен біліп отырады. Босанғаннан кейін оны балаға тағуға болады. Білезік баланың да жағдайын көрсетіп отырады. Оның не себепті жылағанын басқа да жағдайларын жасанды интеллекті арқылы біліп отыруға болады. Балаға 6 ай болғанға дейін. Мен гуглда қазір істемесем де кеңес берумен айналысамын. Бүгін де жастарға бағдарлама жасау бойынша ақпарат ұсынамын.
Шара екі күнге жалғасады. Хакатонға қатысуға 30-ға жуық команда тіркелген. Негізгі демеуші Халық банк, хакатонның арқасында мықты мамандарды жұмысқа алуды да көздеп отыр.
Нұрлан Базаралинов, «Halyk» банкі ПОФ директоры
Біз үшін Торайғыров университетінің айти студенттері өте қымбат. Ең үздік студенттерді ақылы тәжірибиеге алуға дайынбыз. Ары қарай оларды жұмысқа аламыз. Бұл жастарға жобаларға қатысуға, жасанды интеллектіге қатысты пайдалы дүниелерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қатысамыз, бақылаймыз, үздік студенттерді анықтаймыз.
Хакатонға 16-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Жалпы шараға жеке және 3 адамнан тұратын командалар бақтарын сынайды. Жеңімпаз командаға $25 000 Google Cloud гранты табысталады.
Даниил Бард, GDG Pavlodar өкілі
Биылғы хакатонның негізгі мақсаты жасанды интеллектімен байланысты болады. Осы жылғы тапсырмалар Джемини аясында РАК жүйесін өндірумен байланысты болады. РАК дегеніміз жасанды интеллекттінің сіз берген ақпаратты ғана қолдануы. Яғни осыған дейінгі жүйеде ақпараттар жан жақтан жиналса, РАк-та тек бар ақпараттар ғана қолданылады.
Хакатон жасанды интеллекті пайдалана отырып, қоғамға қажетті жаңа жобалардың пайда болуына септеседі.
Самал Қалиқызы