Өңір басшысы Асайын Байханов Шарбақты ауданы тұрғындарымен кездесті. Елдімекен халқы ашық микрофон арқылы сұрақ қойып, облыс әкімінен жауап алды. Толығырақ кездесуге қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.

Аудандық мәдениет үйіне ауданның ауыл аймағынан азаматтар келді. Кездесу облыс әкімінің аудан халқы алдында жыл бойы атқарған жұмысынан басталды. Өлкеде ауыл шаруашылығы дамып, инвестиция тартылып, мемлекеттік бағдарлдамалар орындалуда. Ауылдағы ағайынның тұрмысы жасқарды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев елді мекендердің дамуына аса көңіл бөлуде. Биыл ауданға бірнеше рет келдім. Маңызды нысандарды аралап, тиісті тапсырмалар берген болатын. Аймақ барлқы макра көрсеткіштерге оң серпінге ие. Алайда келесі жылы өңдеу өнеркәсібі мен сумен жабдықтау бағытында күшейту керек екені түсінікті. Биыл біздің жұмысымызы ькелесі бағыттарға негізделді. Негіз көзі ауыл шаруашылығы Бұл саланың өнімі 28 млрд теңгеден асты. Әсіресе өсімдік шаруашылығында қуантады. 7,8 пайызға өсіп, 16 млдр теңгеден асып кетті.

Ауданда инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру қарқын алған. Келер жылы бірнеше ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Соның бірі – «БелАгро Групп» ЖШС-нің 500 гектар суармалы алқап құрылысын салу жобасы. Ол аудан орталығында жүзеге асырылмақ. Ал Назаровка ауылында үш инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл 600 гектар суармалы жер, 6 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасы және 600 бас малға арналған сүт-тауар фермасы. Аудандағы еңбек нарығы да тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызды құрап, аймақтағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып отыр. Өңір басшысының есебінен кейін аудан азаматтары сауалдарын қойды.

Рысбек Мұқали «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Алматы облысынан 2020 жылы көшіп келді. Пәтерін жекешелендіре алмағандықтан бизнес ашу үшін құжаттарын өткізе алмай отыр. Себебі кепілдікке берілетін пәтер жоқ. Бұны қалай шешу үшін аймақ басшысынан сұрады.

Рысбек Мұқали, Шарбақты ауданының тұрғыны

Үйдің сапасы жақсы болады. Бірақ үйді жекешенділіп берсе екінші мәселе мал шаруашылыққ2,,5 пайызбен грант ала алмай заолг болмаған осы екі сұрақ бойынша өтініп.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Шарбақты ауданында орналасқан аудандық әкімдік келісім шартты аласыз. Сол қолдарыңызда ғой. Белгіленге ережелер әкімдікк барып, азаматрады қабылдайтын жауап бере алмаймын бұл жерде.

Жалпы кездесуде 7 сұрақ қойылды. Әр салаға байланысты өңір басшысы толық жауап берді. Тиісті сала мамандарына айтылған мәселелерді назарда ұстауды тапсырды. Өңір басшысының келесі кездесуі ертең Баянауыл ауданында болады.

Әйгерім Тоқпанқызы