Павлодар қалaсында бір тәуліктен бері қалың қар жауып, боран соғуда. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін қардан тазартуға 300-ге жуық арнайы техника мен жүздеген қызметкер жұмылдырылды. Толығырақ — келесі сюжетте.
Қала аумағында түннен бері жауған қардың мөлшері нормадан бірнеше есе көп. Ауа температурасы төмендеп, желдің жылдамдығы артқан. Соған қарамастан, коммуналдық қызметтер таңнан бері негізгі көшелерді, қоғамдық көлік бағыттарын, аялдамаларды және әлеуметтік нысандарға баратын жолдарды ашумен айналысып жатыр.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
Кешеден бастап қардын тоқтаусыз түсуіне байланысты қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау жұмыстарына шамамен 300 арнайы техника және коммуналдық кәсіаорындардың 300 қызметркері жұмылдырлыған. Басымдық көлік қозғалысы қарқынды жолдарында, патобус бағыттары өтетін көшелер мен аялдамалар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға баратвын жолдар және аула кіреберістеріне берілуде. Көпөабатты үйлердің аулаішілік аумақтарында да жұмыстар жүргізілуде. ТҚШ бөліміне тәудік бойы жалғастыру тапсырылды.
Коммуналдық кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, қар толассыз түсіп тұрғандықтан, тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Түнгі ауысымда да техникалар көшелерді тазартуды жалғастырады. Боранның салдарынан кейбір учаскелерде қозғалыс баяулаған.Сонымен қатар, тұрғындардан жеке автокөліктерін көшелер мен аула кіреберістерінде ретсіз қалдырмау сұралуда. Бұл техникалардың жұмысын жеңілдетіп, қар шығаруды жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Дильназ Қуанышбекқызы