Павлодар қаласындағы №54 балабақша өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Шараға Бүлдіршіндермен қоса, ата-аналар білім бөлімінің өкілдері мен «Аманат» партиясының мүшелері қатысты.

Балабақшаның тарихы 2015 жылдың қыркүйегінде басталды. Сол кезде заманауи, жарық әрі жайлы балабақша есігін ашқан еді. Қазір мұнда 358 бала тәрбиеленеді. Күн сайын оларға 76 қызметкер қамқорлық көрсетіп, білім мен жылулық сыйлайды. Мерейтойға арналған салтанатты шара музыкалық залда өтті. Қонақтар балабақша ұжымына жылы лебіздерін білдірді. Балалардың өнері шаттық пен қуаныш сыйлап, мерекенің шырайын кіргізді.

Салтанатты шара балабақшаның он жылдық еңбегін, жетістіктерін және аудан өміріндегі маңызын айшықтады.

Сабина Жолдаспаева