Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері кезекті отырыс өткізді. Онда қазір қоғамда өзекті – алаяқтық тақырыбы айтылды. Қоғам және тәртіп сақшылары күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізгенімен сенгіш азаматтар бар жиған тергенін олардың қолдарына ұстатып жатады. Бұнымен күресу жолдары қандай болмақ? Кеңес мүшелері қандай ұсыныс айтты? Тілші әңгімесінде.

Алаяқтық- ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты кең таралып келеді. Сенгіш халық әсіресе телефон, әлеуметтік желі арқылы көптеп алданады. Алдау үрдістері әр түрлі. Бір түрі, алаяқтар өздерін банк қызметкерлері болып хабарласады. Банктен резевтік шот ашуын ұсынады. Парольді қолына алған алаяқ оның шотындағы ақшаның бәрін өзіне аударып алады немесе қолма-қол шешіп алады.Осылайша арам ойын жүзеге асырады. Биыл Екібастұз қаласының тұрғыны 90 млн теңгесін алаяқтардың қолына ұстатқан.

Сафуан Жампейісов, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары

Изьята около 2500 сим карт. Задержаны 4 лица Құқық қорғау органдары интернет-алаяқтыққа қатысты ірі схемаларды анықтап, жолын кесті. Тергеу барысында шамамен 2 500 SIM-карта тәркіленіп, оның ішінде үш кәмелетке толмағанды қоса алғанда, төрт күдікті ұсталды. Барлық қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтықтан зардап шеккен Екібастұз қаласының тұрғыны. Ол алаяқтарға 90 миллион теңгесін аударып жіберген. Жүргізілген кешенді жедел іс-шаралардың нәтижесінде жәбірленушіге бүгінгі күні 13 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл іске қатысты 60 дропер анықталды. Олардың әрқайсысының рөлі тексеріліп, схема толықтай әшкереленді. Айта кету керек, дроперлердің басым бөлігі – еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері. Сондай-ақ шетелде жүрген тұлғалар да бар.

Екінші түрі бұл- әлеуметтік желі арқылы ақша бопсалау. Ғаламторда сатылымға - тұрған үй, көлік немесе басқа да дүниелерді сатады. Ойын жүзеге асыру үшін сатып алушыдан алдын ала ақша сұрайды. Тәртіп сақшыларының айтуынша көбінесе әйел адамдар, жастар және орта жастан асқан адамдар алаяқтардың қармағына түседі.

Сафуан Жампейісов, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары

Служба доставик. Казпочта. Алаяқтар тұрғындарға Қазпошта, курьер, интернет-маркетплейстер, мобильді операторлар, поликлиникалар, eGov, ХҚКО және тіпті 1414 орталығының атынан хабарласып, жеке деректерді сұрайды. Осылайша олар азаматтардың мәліметтерін жинап, кейін типтік схема бойынша банк шоттарына немесе онлайн-қызметтерге қол жеткізуге әрекет етеді. Құзырлы органдар тұрғындарды күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырады.

Биыл 1 900-ден астам онлайн-қылмыс тіркеліп, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан.Полиция қызметкерлері кез-келген ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбей ақиқат ретінде қабылдамауын, жеке мәліметтерді бөтен адамдарға жарияламауды, бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға және қоңырауларға назар аудармауды айтады. Қоғамдық кеңес мүшелері халық арасында түсіндірме жұмыстарды жиі өткізуді ұсынды.

Әйгерім Тоқпанқызы