Кеше тапа тал түсте Павлодар қаласында Айманов көшесі 50 мекен жайы маңайында 10 жастағы екі бала жасөспірімді басынан теуіп, тілін қайшымен кесіп, ұрып соққан. Бала облыстық ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта лқиғаға қатысты кәмелетке толмағандарды анықтап, оларды ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Қылмыстық іс аясында олардың заңды өкілдерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы, құқықтарын қорғау жөніндегі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралып, есепке алу мәселесі шешілетін болады.Оқиғаның себептері мен толық жай-жапсары тергеу барысында анықталады.Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.
Мұсайып Төлеубаев, Павлодар облыстық балалар ауруханасының травмотолог дәрігері
9 желтоқсан күні сағат 14:00-де жедел жәрдем бригадасымен 2018 жылғы жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық қарау барысында ми шайқалуы және төменгі ерін мен тілде жарақаттар анықталды. Травматология бөлімшесіне орналастырылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа.
Дильназ Қуанышбекқызы