Өңірде 183 шетел азаматы елімізде жүріп тұру заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды. Жалпы Павлодар облысына келіп еңбек етуге ниетті адамдар саны былтырмен салыстырған артқан екен.
Биыл аймаққа тұрақты тұруға 1 280, ал уақытша келіп-кетуге 9 136 мигрант тіркелген. Сонымен қатар 1 293 азаматқа виза беріліпті. Құжаттарды қабылдау кезінде жауапты мамандар шетелдіктердің ел аумағында болу заңдылығын тексереді. Тәртіп сақшылары тұрақты түрде жедел алдын алу шараларын өткізеді. Соның нәтижесінде биыл 183 азамат елден шығарылды. Олардың көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталған. Бұдан бөлек түрлі құқықбұзушылық жасаған 2 мыңнан астам адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген 180 борышкер анықталды. Айта кетейік, өңірде 121 758 тұрғын жеке куәлік пен паспорт алған.