1–15 желтоқсан аралығында елімізде «Qarzhy Saqshysy» атты республикалық компьютерлік ойын өтеді. Бұл жасөспірімдерге қаржылық алаяқтық түрлерінен қалай сақтануды үйретеді. Жоба AML Academy мен Қаржылық мониторинг агенттігі бірлесіп, ҚР Білім министрлігінің қолдауымен әзірленді.
Ойын арқылы 10–11-сынып оқушылары мен колледж студенттері интерактивті тапсырмалар мен шағын жағдайларды орындап, қаржылық қауіпсіздік негіздерін меңгереді. Бұл жоба жастарға сақтануды үйретіп, цифрлық ортада дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Әлия Қожамқұлова, Павлодар облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі
Жоба жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық түрлері туралы білімін нығайтуға бағытталған. Онда қаржылық пирамидалар, дропперлік, фишинг және цифрлық гигиена сияқты кең таралған тәуекелдер қамтылған. Мұндай қауіптер жастарды жиі мазалайтындығынан тек профилкатика ғана емес, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлыққа үйрететін практикалық білімге ерекше маңызды.
Жаңа цифрлық жоба жасөспірімдер үшін қаржылық сауаттылық пен жауапты мінез-құлық дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Сабина Жолдаспаева